HDR ТV деген не?
TV контент көрінісі
бұрынғы көз үйренгеннен
өзгеше екенін байқадыңыз ба?
Оқуды жалғастырып, HDR
туралы қосымша ақпарат алыңыз.
HDR мағынасы қандай?
HDR — Жоғары динамикалық диапазон сөзінің қысқармасы және өте жарық және өте қараңғы көріністердегі контенттің барлық бөлшектерін айқын көрсететін техниканы білдіреді. Бұл техникамен көрсетілетін сурет контрасттың кең диапазонына қарамастан әлдеқайда табиғи және шынайы болып шығады. Мысалы, өте қараңғы үңгір көрінісінде, HDR теледидарлар үңгір қабырғаларының көрінісі мен түсін, әрі оның құрылымын көрсетеді. Сондай-ақ, теңіздегі яхта көрінісінде, күн сәулесіне толы жарқыраған артқы фонға қарамастан, жеке күн сәулелері жайнап, айқын көрінуде. Қазір, осы мақаланы компьютеріңіздің экранынан немесе ұялы телефоннан оқып жатсаңыз және құрылғыңызда HDR функциясы болмаса, HDR мүмкіндігін толықтай сезіне және түсіне алмайсыз. Сондықтан, ең жақын электроника дүкеніне барып, HDR ТД сапасын өз көзіңізбен тамашалаңыз, себебі адам көргеніне ғана сенеді.
Айырмашылығы не?
HDR және UHD
UHD (Ультра жоғары анықтық) ажыратымдылығы және HDR (Жоғары динамикалық диапазон) технологиясы бірігіп, сурет сапасын жақсартады—тек олар бұны әртүрлі жолмен орындайды. UHD ажыратымдылығы (сонымен қатар, 4K деп аталады) — пиксельдер санының өлшемі (пиксельдер көбейсе, ажыратымдылық жоғарылайды). HDR технологиясы теледидарға қараңғы және жарық түст реңкінің кеңірек диапазонын көрсетуге мүмкіндік береді. UHD (4K) және HDR екеуі бірге нақтылығы мен шынайылығы жоғары сурет көрсетеді. Жаңа ТД іздеу барысында осы терминдерді көрсеңіз, олардың қарсылас стандарт еместігін, әрі екеуінің бірін таңдау қажет еместігін есте сақтаңыз.
HDR түрлері
HDR стандартының көптеген түрі бар, бірақ ең көп қолданылатыны — «HDR10». Жақында, HDR10+ деп аталатын жаңа технология ұсынылды және HDR10 мен екеуінің арасындағы айырмашылық — динамикалық метадеректердің* немесе статикалық метадеректердің қолданылуы. Динамикалық HDR технологиясы метадеректерді әр көрініске қолданып, нәтижеде статикалық HDR технологиясымен салыстырғанда сапасы жоғарырақ сурет ұсынады.
* Метадеректер — контент ішіндегі қосымша кескін ақпараты. Бұл HDR кескінді жетілдіру процесінде қолданылатын түс пен жарықтық ақпаратын қамтиды.
* Бұл HDR10+ және HDR10 арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. HDR10+ суреттері «Жақсырақ түс қанықтығын» және «Үйлестірілген жарықтықты» көрсетеді,
ал HDR10 көрініс суреттері «Кішкене аз қанықтықты» және «Үйлестірілмеген жарықтықты» көрсетеді.
HDR контентін тамашалаңыз
Контент өндірушілері HDR технологиясымен 4K+ сапада ең жоғары класты контент жасауда бұған дейін мұндай еркіндік көрмеген. Контент өндірушілерге қалаған ойын көрсетуге мүмкіндік беретін көптеген құрылғылармен жалпы контент тым көп болып кетті. Жаңа контенттің барлығын тамашалауға мүмкіндік беретін тікелей трансляция, IPTV және ТД декодерлар сияқты қызметтердің сан алуан түрі тұрғанда, енді қалғаны ол тек осы контентті толық күйінде көрсететін HDR ТД сатып алу.
HDR TV таңдау кезінде 4 нәрсені есте сақтаңыз
HDR технологиясынан барынша әсер алу үшін мыналарды ескеріңіз:
Жарық контент қаншалықты жақсы беріледі, қара контент қаншалықты жақсы беріледі және әртүрлі түстер қаншалықты нақты беріледі.
Осы негізгі факторлар HDR технологиясы бар TV жинағының сапасын анықтайды.
* Шектеулі қараңғылау — экран бөліктерінің артындағы қара түсті шектеулі ауқымда басқарып, қараңғылата түсетін технология.
* Ең үздік HDR TV сатып алудың бақылау тізімінде 4 пункт берілген, HDR10+ (Динамикалық метадерек), HDR 1000 немесе жоғары нит көлемді жарықтық, Шектеулі қараңғылату және 100% түс көлемі.