Samsung Galaxy құрастыру елін қалай көруге болады

Соңғы жаңартулардың күні : 22.08.2024

Samsung мобильді құрылғылары Қытай, Корея, Вьетнам және Үндістандағы зауыттарда шығарылады. Өндіріс елін құрылғының қаптамасынан немесе зауыттық жапсырмадан көруге болады.

Samsung Galaxy құрастыру елін қалай көруге болады

Құрылғы шығарылған қаланы, сондай-ақ зауыттардың мекенжайларын құрылғымен бірге келетін қысқаша нұсқаулықтан көруге болады. Samsung зауыттарының мекенжайлары да сол жерде көрсетілген. 

Біз барлық процестерімізді оңтайландыруға, оларды автоматтылық мен жетілдіруге жеткізуге тырысамыз, сондықтан бірдей техниканы шығаратын барлық зауыттар оны бірдей технологиямен жинайды. Сатылымға шығар алдында біздің барлық өнімдеріміз мәлімделген стандарттарға сәйкестігіне бірнеше рет тексеруден өтеді. Сондықтан, құрылғы жиналған елге қарамастан, сапа әрқашан бірдей жоғары болады.

Ескерту:

Смартфон мен толық аксессуарларды шығаратын ел әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, смартфон Қытайда, зарядтағыш Үндістанда, ал USB кабелі Вьетнамда жасалған. Бұл қалыпты жағдай, өйткені әртүрлі компоненттер әртүрлі зауыттарда шығарылуы мүмкін.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!