Құлыптау экранында және Always On Display виджеттерді қалай басқаруға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 02.09.2024

Android 14 жүйесінде виджеттерді сағаттың астына шағын белгішелер ретінде орнатуға болады. Енді қажетті ақпаратты тек құлыптау экранынан ғана емес, сонымен қатар әрқашан дисплей экранынан да көруге болады. Виджеттің бұл түрін қалай теңшеу керектігін білу үшін біздің мақаланы оқыңыз.

Құлыптау экранындағы виджеттер

Samsung Galaxy-де құлыптау экранына виджетті қалай қосуға болады

Смартфон экранының құлпын тағы бір рет ашпау үшін ең көп қолданылатын виджеттердің белгішелерін құлыптау экранына немесе Always On Display шығаруға болады.

Құлыптау экраны Құлыптау экраны

1. Телефонды қосып, құлыптау экранын саусағыңызбен қысыңыз. Телефонның құлпын ашыңыз.

Виджеттерді таңдаңыз Виджеттерді таңдаңыз

2. + Виджеттер түймесін басыңыз.

Виджет мәзірін ашыңыз Виджет мәзірін ашыңыз

3. Қолжетімді виджеттердің мәзірі алдыңызда пайда болады. Олардың біреуін ашу үшін көрсеткіні басыңыз.

Виджет белгішесінің өлшемін таңдаңыз Виджет белгішесінің өлшемін таңдаңыз

4. Виджет белгішесінің өлшемі кішкентай және үлкен болуы мүмкін. Оны панельге қосу үшін олардың біреуін, басыңыз.

Виджет мәзірін жасырыңыз Виджет мәзірін жасырыңыз

5. Виджет мәзірін жасыру үшін экранның бос бөлігін түртіңіз.

Дайын Дайын

6. Дайын түймесін басыңыз.

Құлыптау экранында және Always On Display виджеттерді қалай өзгертуге болады

Егер сіз кейбір виджеттерді пайдалануды тоқтатқан болсаңыз немесе олардың өлшемін өзгерткіңіз келсе, сіз әрқашан құлыптау экранындағы белгішелерді және Always On Display параметрлерді өзгерте аласыз.

Түсқағаз және стиль Түсқағаз және стиль

1. Параметрлерді ашып, Түсқағаз және стиль қойындысына өтіңіз.

Құлыптау экранының суретін түртіңіз. Құлыптау экранының суретін түртіңіз.

2. Құлыптау экранының суретін түртіңіз.

Виджеттерді таңдаңыз Виджеттерді таңдаңыз

3. Виджеттерді басыңыз.

Виджет мәзірін ашыңыз Виджет мәзірін ашыңыз

4. Қолжетімді виджеттердің мәзірі алдыңызда пайда болады. Олардың біреуін ашу үшін көрсеткіні басыңыз.

Виджет белгішесінің өлшемін таңдаңыз Виджет белгішесінің өлшемін таңдаңыз

5. Виджет белгішесінің өлшемі кішкентай және үлкенболуы мүмкін. Оны панельге қосу үшін олардың біреуін басыңыз.

Панельде 4-ке дейін кішкентай белгішелер бар Панельде 4-ке дейін кішкентай белгішелер бар

6. Панельде 4-ке дейін кішкентай белгішелер бар. Үлкен белгіше екі кішкентайға тең. Белгішелерді кез келген ретпен орналастыруға болады.

Виджетті жойыңыз Виджетті жойыңыз

7. Виджет белгішесін панельден жою үшін минус түймесін басыңыз.

Бос панель Бос панель

8. Панельде бос орын болады және сіз өзіңізге ұнайтын басқа виджет белгішелерін қоса аласыз.

Виджет мәзірін жасырыңыз Виджет мәзірін жасырыңыз

9. Виджет мәзірін жасыру үшін экранның бос бөлігін түртіңіз.

Дайын Дайын

10. Дайын түймесін басыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!