Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 23.07.2024

Синхрондау дегеніміз не

«Аккаунт дегеніміз не» мақаласынан біз аккаунт интернеттегі орын және онда деректерді сақтауға болады екенін білеміз. Аккаунтты түрлі ақпарат жиналатын виртуалды жәшік ретінде елестете аласыз. Біздің мысалда біз Google аккаунтын ең көп таралған деп қарастырамыз.

Google аккаунты мүмкіндіктерінің бірі –смартфонның телефон кітапшасындағы контактілерді өзінде сақтау. Ол мұны синхрондау арқылы жасайды: сіз телефон кітапшасына жаңа контакт қоссаңыз – смартфон оны аккаунтқа көшіреді; смартфондағы бұрыннан бар контактіні өзгертсеңіз – өзгерістер аккаунтта пайда болады.

Біздің мысалдағы синхрондау ыңғайлы, себебі:

  • Осы аккаунт бар барлық құрылғылардағы контактілер әрқашан бірдей – егер біреуінде бір нәрсені өзгертсеңіз, ол барлық басқаларында автоматты түрде өзгереді.
  • Егер сіз жаңа смартфон сатып алсаңыз, оған жай ғана аккаунтты қосыңыз, сонда ескі телефондағы барлық контактілер автоматты түрде пайда болады. Контактілерді қолмен сақтау және тасымалдау қажет емес.

Әрбір аккаунт тек белгілі бір ақпаратты синхрондай алады. Кейбіреулер браузер бетбелгілері мен контактілерді синхрондаса, кейбіреулері күнтізбе жазбаларын синхрондайды, ал кейбіреулері ештеңені синхрондамайды.

Аккаунтпен синхрондалатын ақпаратты қалай таңдауға болады

Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады

«Баптаулар» мәзірін ашыңыз. «Есептік жазбалар және мұрағаттау» немесе «Бұлт және есептік жазбалар» тармағын таңдаңыз. Егер мұндай тармақ болмаса, келесі қадамға өтіңіз.

Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады

«Есептік жазбалар» немесе «Есептік жазбаларды басқару» тармағын таңдаңыз.

Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады

Аккаунт таңдаңыз, біздің мысалда біз Google аккаунтын таңдаймыз. Бірнеше аккаунт болса, қажеттісін таңдаңыз.
Егер сізге қажет аккаунт құрылғыда жоқ болса, оны тіркеңіз (егер аккаунт әлі жасалмаған болса) немесе оған кіріңіз (егер аккаунт бұрыннан жасалған болса).

Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады

Егер сізде бар болса, «Есептік жазбаны синхрондау» тармағын таңдаңыз. Егер мұндай тармақ жоқ болса, келесі қадамға өтіңіз.

Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады Samsung Galaxy-де аккаунтармен синхрондауды қалай баптауға болады

Аккаунтпен синхрондалатын деректер тізімі пайда болады. Сізге қажетті деректерді синхрондауды қосыңыз. Бұл тізімдегі ештеңені пайдаланбасаңыз, оны өшіруге болады.

Синхрондалатын деректерді таңдай алмасаңыз

1 Аккаунттарды таңдау тармағына екі қадам артқа оралыңыз.
2 «Дербес деректерді автоматты түрде синхрондау» немесе «Синхрондауды қосу» тармағын қосып, деректерді қайта таңдап көріңіз. Сондай-ақ, «Деректерді автоматты түрде синхрондау» тармағы Баптаулар > Есептік жазбалар және мұрағаттау > Есептік жазбаларды басқару мәзірінде болуы мүмкін.

Егер мұндай тармақтар жоқ бола, «Мәзір» немесе «Опциялар» пернесін басыңыз (жоғарғы оң жақ бұрышта үш нүкте сияқты көрінуі мүмкін). Тармақ қалқымалы мәзірде пайда болады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!