Samsung Galaxy-де контактілерді жад картасына қалай сақтауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 02.08.2024

Қандай жағдайларда контактілерді файлға сақтау керек

Контактілерді Google немесе Samsung аккаунтарында сақтамасаңыз, контактілерді файлға сақтаңыз да, компьютерге тасымалдаңыз:

  • нөмірлерді қосқаннан немесе өзгерткеннен кейін;
  • деректерді арылту алдында;
  • қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын.

Контактілерді Google немесе Samsung аккаунтарында сақтасаңыз, оларды файлға сақтаудың қажеті жоқ. Ең бастысы – аккаунттан логин мен құпия сөзді ұмытпау.

Контактілер қандай түрінде сақталады

Контактілер VCF файлында сақталады – бұл контактілерді сақтаудың ең кең таралған пішімі. Мұндай файлдан контактілерді кез келген дерлік құрылғыда қалпына келтіруге болады.

Контактілерді файлға қалай сақтау (көшіру) керек

Төменде Android әртүрлі нұсқаларына арналған нұсқаулықтарды табасыз.

Контактілер > ☰ (үш сызықшаны) Контактілер > ☰ (үш сызықшаны)

1. Контактілер қосымшасын ашыңыз. Сол жақтағы ☰ (үш сызықшаны) басыңыз.

Контактілерді басқару Контактілерді басқару

2. Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.

Контактілерді экспорттау Контактілерді экспорттау

3. Контактілерді экспорттау тармағын таңдаңыз.

SD картасын > Экспорттау SD картасын > Экспорттау

4. SD картасын таңдап, Экспорттау түймесін басыңыз.

Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі

5. Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі. OK түймесін басыңыз.

Контактілер > ☰ (үш сызықшаны) Контактілер > ☰ (үш сызықшаны)

1. Контактілер қосымшасын ашыңыз. Сол жақтағы ☰ (үш сызықшаны) басыңыз.

Контактілерді басқару Контактілерді басқару

2. Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.

Контактілерді импорттау немесе экспорттау Контактілерді импорттау немесе экспорттау

3. Контактілерді импорттау немесе экспорттау тармағын таңдаңыз.

Экспорттау Экспорттау

4. Экспорттау тармағын таңдаңыз.

SD картасын > Экспорттау SD картасын > Экспорттау

5. SD картасын таңдап, Экспорттау түймесін басыңыз.

Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі

6. Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі. OK түймесін басыңыз.

Контактілер бар сақталған файлды қайдан табуға болады

Файл түбірлік қалтада немесе жад картасындағы Downloads қалтасында сақталады. Оны табу үшін құрылғыдағы Менің файлдарым қолданбасын ашыңыз.

Менің файлдарым

Файлдан контактілерді қалай қалпына келтіру (көшіру) керек

Төменде Android әртүрлі нұсқаларына арналған нұсқаулықтарды табасыз.

Контактілер > ☰ (үш сызықшаны) Контактілер > ☰ (үш сызықшаны)

1. Контактілер қосымшасын ашыңыз. Сол жақтағы ☰ (үш сызықшаны) басыңыз.

Контактілерді басқару Контактілерді басқару

2. Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.

Контактілерді импорттау Контактілерді импорттау

3. Контактілерді импорттау тармағын таңдаңыз.

Телефон немесе бұлттынң сақтау орны Телефон немесе бұлттынң сақтау орны

4. Телефон немесе бұлттынң сақтау орны таңдаңыз.

Файлды таңдаңыз > Дайын Файлды таңдаңыз > Дайын

5. Контактілер бар файл жүктелетін жадты таңдаңыз. Бірнеше файл болса, қажетті файлды таңдаңыз. Дайын таңдаңыз.

Импорттау Импорттау

6. Контактілерді жүктейтін жадты таңдап, Импорттау басыңыз.

Контактілер көшірілді Контактілер көшірілді

7. Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі. OK басыңыз.

Контактілер > ☰ (үш сызықшаны) Контактілер > ☰ (үш сызықшаны)

1. Контактілер қосымшасын ашыңыз. Сол жақтағы ☰ (үш сызықшаны) басыңыз.

Контактілерді басқару Контактілерді басқару

2. Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.

Контактілерді импорттау немесе экспорттау Контактілерді импорттау немесе экспорттау

3. Контактілерді импорттау немесе экспорттау тармағын таңдаңыз.

Импорттау Импорттау

4. Импорттау тармағын таңдаңыз.

SD карта SD карта

5. SD картасын бөліміне өтіңіз.

Файлды таңдаңыз > Дайын Файлды таңдаңыз > Дайын

6.Контактілер бар файл жүктелетін жадты таңдаңыз. Бірнеше файл болса, қажетті файлды таңдаңыз. Дайын таңдаңыз.

Импорттау Импорттау

7. Контактілерді жүктейтін жадты таңдап, Импорттау басыңыз.

Контактілер көшірілді Контактілер көшірілді

8. Контактілер таңдалған жадқа көшіріледі. OK басыңыз.

Қалпына келтіруден кейін контактілер қайталанды

Қалпына келтірген кезде, файлдағы контактілер құрылғы жадындағы контактілерге қосылады. Кейбір контактілер жадта да, файлда да болса, олар қайталанады.

Мұны болдырмау үшін құрылғы жадындағы барлық контактілерді жойыңыз, содан кейін оларды файлдан қалпына келтіріңіз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!