Смартфонда немесе планшетте Samsung аккаунтын қалай жасауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 14.08.2024

Бұл мақалада сізде аккаунт жоқ болса, оны қалай жасау керектігін білесіз. Егер сізде аккаунт бар болса, қайта тіркелудің қажеті жоқ – жай ғана аккаунтқа кіріңіз.

Samsung аккаунты не үшін қажет

Аккаунт Samsung Pay, Galaxy Store және Samsung Health сияқты Samsung сервистеріне кіру үшін қажет. Аккаунтты тіркеу — Samsung сервистері сізді анықтап танитын бірегей атты брондау.

Samsung аккаунтын жасау үшін не қажет

Аккаунт жасау үшін сізге ұялы телефон нөмірі және қолданыстағы электрондық пошта (gmail, outlook, yandex немесе т.б.) қажет. Электрондық поштаның құпия сөзін білу қажет, себебі тіркеуді аяқтау үшін сізге растау хаты жіберіледі.

Samsung аккаунтын смартфоннан немесе планшеттен қалай жасауға болады

Құрылғыда тек бір Samsung аккаунтына кіруге болады. Сондықтан гаджетке жаңа есептік жазбаны қосу үшін бұрын тіркелген аккаунттан шығып (егер құрылғы бұрыннан қолданылған болса), жаңасын қосу керек.

Баптаулар мәзірінің «Есептік жазбалар және мұрағаттау» кірістірмесі Баптаулар мәзірінің «Есептік жазбалар және мұрағаттау» кірістірмесі

1-қадам. «Баптаулар» ашып, «Есептік жазбалар және мұрағаттау» кірістірмесіне өтіңіз.

Есептік жазбаларды басқару Есептік жазбаларды басқару

2-қадам. «Есептік жазбаларды басқару» немесе «Есептік жазбалар» ашыңыз.

Жаңа есептік жазбаны қосу Жаңа есептік жазбаны қосу

3-қадам. Есептік жазбаны қосу үшін + басыңыз.

Samsung аккаунтын қосу Samsung аккаунтын қосу

4-қадам. Samsung аккаунтын таңдаңыз.

  • Алдыңызда Samsung аккаунтына кіру терезесі пайда болады. Жаңа есептік жазба жасау үшін «Құпия сөзді ұмыттыңыз немесе есептік жазбаңыз жоқ» басыңыз.
  • «Есептік жазба жасау» тармағын таңдаңыз.
  • Деректерді басқару туралы қосымша ақпаратты оқыңыз. Келіссеңіз, «Қабылдау» басыңыз.
  • Енгізіңіз :1. Қолданыстағы электрондық пошта адресіңізді; 2. Аккаунтқа құпия ойлап табыңыз – ағылшын әріптері, сандар және арнайы таңбалардың тіркесімі. Сенімді құпия сөз кемінде 12 таңбадан тұрады: Zx34_29vdPCW; 3. Аты-жөніңізді; 4. Туған күніңізді. «Аккаунт жасау» басыңыз.
  • Екі факторлы тексеруден өту үшін телефон нөміріңізді растаңыз. Ол үшін арнайы өріске нөмірді енгізіп, содан кейін «Жіберу» басыңыз.
  • Телефон нөміріңізді енгізгеннен кейін растау үшін құрылғыңызға қысқа код келеді. Оны енгізіп, бірнеше секунд күтіңіз.
  • Samsung жаңа есептік жазбасын  жасағаннан кейін қосымшаға немесе электрондық поштаның браузерлік нұсқасына кіріңіз. Ол жерде сізді растауға арналған хат күтіп тұрады.
  • Электрондық поштаңызда аккаунтты растауға арналған хатты табасыз. «Есептік жазбаны растау» басыңыз.

Ескертпе:

  • Android 7.1 және одан кейінгі нұсқасы бар құрылғыларда 2020 жылдың наурызынан бастап міндетті екі сатылы шынайылықты тексеру қосылған. Бұл аккаунтқа кіру үшін құпия сөзді, содан кейін ұялы телефонға SMS-пен келетін кодты енгізу керек дегенді білдіреді.
  • Екі сатылы шынайылықты тексерудің болуы құрылғыңызда орнатылған Samsung қызметтерінің нұсқасына байланысты. Сондықтан келесі қадам болмауы да мүмкін.
  • Коды бар SMS келмесе, алдында 8 саны бар нөмірді енгізіңіз: 89991112233.

Samsung аккаунтын жасай алмасаңыз

Samsung аккаунтын жасау кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болсаңыз, жеке кеңес алу үшін тегін қолдау қызметіне хабарласыңыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!