Samsung Galaxy-де Google аккаунтын қалай жасауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 15.08.2024

Бұл мақалада сізде жоқ болса, Samsung Galaxy смартфонындағы немесе планшетіндегі Баптаулар мәзірін пайдаланып Google аккаунтын қалай жасау керектігін білесіз.

Егер аккаунтыңыз бар болса, қайта тіркелу қажет емес.

Samsung смартфонынан немесе планшетінен Google аккаунтын қалай жасауға болады

1 Интернетке қосылып, Параметрлер ашыңыз.
ашылмалы мәзірден параметрлерді таңдау
2 Есептік жазбалар және сақтық көшiрме немесе Бұлт және есептік жазбалар тармағын таңдаңыз. Егер мұндай тармақ болмаса, келесі қадамға өтіңіз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
3 Есептік жазбалар басқару тармағын таңдаңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
4 Tiркелгi қосу тармағын таңдаңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
5 «Google» тармағын таңдаңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
6 Аккаунт жасау тармағын таңдаңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
7 Аты-жөніңізді жазып, Келесi басыңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
8 Туған күніңіз бен жынысыңызды көрсетіңіз, Келесi басыңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy

Google сіз 13 жаста немесе одан үлкен болсаңыз ғана аккаунт жасайды. Егер сіз туған күні бойынша 13 жасқа толмаған болсаңыз, қате пайда болады:Жас шектеулеріне байланысты Google аккаунтын жасай алмайсыз.

9 Пайдаланушы атын (логин) жасаңыз: бос орынсыз ағылшын әріптері мен сандардың бірегей тіркесімі.

Пайдаланушы аты ретінде ұялы телефоныңыздың бірнеше санын және есімнің бірінші әрпін пайдаланған дұрыс – оны айту және есте сақтау оңай.

Ұмытпау үшін пайдаланушы атыңызды жазып алыңыз.

Пайдаланушы атыңызды енгізіп, Келесi басыңыз. Егер біреу осындай пайдаланушы атын бұрыннан пайдаланып жатса, қате пайда болады. Бұл жағдайда бірнеше таңбаны қосып немесе алып тастап, әрекетті қайталаңыз.

Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
10 Құпия сөзді ойлап табыңыз: ағылшын әріптері, сандар және арнайы таңбалар тіркесімі.

Сенімді құпия сөз кемінде 12 таңбадан тұрады. Мысалы: Zx34_29vdPCW.

Ұмытпау үшін құпия сөзді жазып алыңыз.

Құпия сөзді екі рет енгізіп, Келесi басыңыз.

Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
11 Аккаунтты телефон нөмірімен байланыстыруға ұсыныс пайда болады. Өткізіп жіберу басыңыз. Нөмірді кейінірек қосуға болады.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
12 Келесi басыңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
13 Келесі экранда аккаунтты пайдалану шарттары пайда болады. Қарап шығыңыз, төмен айналдырыңыз және Келiсемiн басыңыз.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy
14 Дайын, аккаунт қосылды.
Создание аккаунта Google на Samsung Galaxy

Егер «Серверге сенімді қосылым орнату мүмкін емес» қатесі пайда болса

Қате интернет-қосылымда ақаулар бар екенін білдіреді. Оны жою үшін:

  1. Құрылғыда дұрыс күн, уақыт пен сағаттық белдеу орнатылғанына көз жеткізіңіз.
  2. Мобильді құрылғыны қайта жүктеңіз.
  3. Басқа интернет көзіне қосылыңыз (басқа Wi-Fi немесе мобильді интернет).
  4. Аккаунтты қайта тіркеп көріңіз.

Аккаунтты компьютерден жасаңыз, содан кейін оны мобильді құрылғыға қосыңыз.

Создайте аккаунт с компьютера, а затем добавьте его на мобильное усторойство.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!