Интернеттен файлдар жүктелуді қойса, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 03.07.2024

Браузерді пайдалану кезінде ол қажетті файлдарды (құжаттар, фотосуреттер немесе бейнелерді) жүктемейді деген мәселеге тап болсаңыз, оны шешу үшін төмендегі ұсынымдарды орындаңыз.

1 Басқа сайттардан файлдарды жүктеп алуды тексеріңіз.
Нақты сайттағы файлдардың жолы дұрыс көрсетілмеген болуы мүмкін.
  • Егер файлдар басқа сайттардан қалыпты түрде жүктелсе, құрылғыда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
  • Егер файлдар басқа сайттардан жүктелмесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
2 Басқа браузерді пайдаланып көріңіз.
Егер сіз Google Chrome қолдансаңыз, файлды Samsung Internet браузері арқылы жүктеп көріңіз және керісінше.
3 Құрылғыңызды қайта жүктеңіз.
Мәселе қосылым іркілісіне байланысты болуы мүмкін және қайта жүктеу бұл іркілісті шешеді.
  • Қайта жүктеуден кейін файлдар жүктелсе, құрылғыда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
  • Қайта жүктеуден кейін де файлдар жүктелмесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
4 Басқа интернет көзін тексеріңіз.
  • Мобильді интернетті пайдалансаңыз, Wi-Fi желісіне қосылыңыз немесе басқа оператордың SIM картасын қолданып көріңіз.
  • Wi-Fi желісін пайдаланып жатсаңыз, басқа рұқсат нүктесіне қосылып көріңіз.
5 Android 12 - 6 үшін: Браузердің смартфон жадына рұқсаты бар-жоғын тексеріңіз.
Қосымша файлды жүктеген кезде оны смартфонның жадына орналастырады. Қосымшаның жадқа кіруге рұқсаты болмаса, файлдар жүктелмейді.
Баптауларды ашыңыз және Қосымшалар бөліміне өтіңіз. Баптауларды ашыңыз және Қосымшалар бөліміне өтіңіз.

1-қадам: Баптауларды ашыңыз және Қосымшалар бөліміне өтіңіз.

Google Chrome Табыңыз Google Chrome Табыңыз

2-қадам: Пайдаланып жатқан браузерді таңдаңыз. Мысалы, Google Chrome.

Рұқсаттар тармағын таңдаңыз. Рұқсаттар тармағын таңдаңыз.

3-қадам. Рұқсаттар тармағын таңдаңыз.

Файлдар мен медиа мазмұнына (Жад) рұқсат қосулы болуы керек. Файлдар мен медиа мазмұнына (Жад) рұқсат қосулы болуы керек.

4-қадам. Файлдар мен медиа мазмұнына (Жад) рұқсат қосулы болуы керек.

6 Жадта бос орын бар-жоғын тексеріңіз.
«Құрылғыға қызмет көрсетуді» ашыңыз «Құрылғыға қызмет көрсетуді» ашыңыз

1-қадам: Баптауларды ашыңыз. Құрылғыға қызмет көрсету бөліміне өтіңіз.

«Жад (Сақтау орны)» таңдаңыз «Жад (Сақтау орны)» таңдаңыз

2-қадам: Жад (Сақтау орны) таңдаңыз.

Очистите «Корзину» и удалите дублирующиеся файлы Очистите «Корзину» и удалите дублирующиеся файлы

3-қадам: Жад жеткіліксіз болса, Себетті тазалаңыз және қайталанатын файлдарды жойыңыз.
Жад жеткілікті болса, келесі тармаққа өтіңіз.

7 Жүктеу диспетчерінің деректерін тазалаңыз.
Қосымша деректерін жойған кезде ол бірінші рет іске қосылғандай болады. Деректермен бірге қосымшаның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін қателер де жойылады.
8 Смартфонды қауіпсіз режимде тексеріңіз.
Кейбір жүктеп алынған қосымшалар құрылғының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Қауіпсіз режимде тек жүйелік қосымшалар жұмыс істейді.
9 Алдыңғы барлық қадамдар көмектеспесе, смартфон баптауларын арылтуды орындаңыз.

Баптауларды арылту құрылғыдағы барлық деректерді жояды.

Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!