Galaxy S10 камерасының функциялары

Соңғы жаңартулардың күні : 17.07.2024

S10 желісі смартфондарының камераларында кез келген уақытта кәсіби сапалы фото түсіруге мүмкіндік беретін бірқатар жетілдірілген сипаттамалар бар.

«Кескінді оңтайландыру» функциясы нысандарды анықтап таниды және фотолардың сапасын автоматты түрде жақсартады.

S10 желісі смартфондарына 10 жаңа опция режимі қосылып, олардың жалпы саны 30-ға жетті.

Жаңа режимдердің арасындағы ерекшесі: «Бет», «Бала», «Мысық» және «Ит».

GIF, Galaxy S10 камерасындағы Кескінді оңтайландыру белгішесі

«Портрет» функциясы (бұрынғы «Жанды фокс» функциясы) таңғаларлық, көркем фотолар жасауға мүмкіндік беретін әртүрлі бұлыңғыр әсерлерді қамтамасыз етеді.

S10 интеллектуалды камерасындағы жаңа бағдарламалық жасақтама фотолар композициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ең алдымен, «Фото ұсынымдары» фукциясын  қолмен белсендіру керек. Осыдан кейін келесі рет түсірген кезде композиция құрастырғанда экранда белгілеулер пайда болады және камера ең жақсы нұсқаны тапқан бойда автоматты түрде фото түсіреді.

Galaxy S10 камерасының фото ұсынымдарымен фото композицияларын жақсарту

S10 және S10+ үлгілерінің үштік негізгі камерасы ультра кең шолу бұрышына (123°) ие, соның арқасында алынған кескін адам көзі көретінге ұқсас болады. Бұл ерекшелік сонымен қатар одан да үлкен панорамалық фотоларды түсіруге мүмкіндік береді.

GIF, Galaxy S10 ультра кең бұрышты объективі

S10 желісі смартфондарында алдыңғы үлгілердегіден екі есе ұзағырақ бейнелер жасауға болады.

Енді түсірілген бейненің 0,8 секунды 27 секундқа дейін ойнатылады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!