Қосымшалар фондық режимде ажыратылса, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 02.07.2024

Телефоныңыздағы қосымшалар күту режимінде ажыратылса (мысалы, экран сөнгеннен кейін бір минуттан соң музыка өшсе), қосымшалардың ұйқы режиміне өтуіне тыйым салу керек.

Кейбір қосымшалар, мысалы, «ВКонтакте», «Яндекс.Музыка» және т.б. фондық режимде жұмыс істеу үшін жазылымды сатып алуды қажет етеді.

Нұсқаулықты орындамас бұрын, осы қосымшаларға жазылым төленгеніне көз жеткізіңіз.

Мына ұсынымдарды орындаңыз:

  1. «Баптаулар» > «Қосымшалар» мәзірін ашыңыз.
  2. Үш нүктені басып, «Арнайы рұқсат құқықтары» тармағын таңдаңыз.
  3. «Шығынды оңтайландыру» тармағын таңдаңыз.
  4. Тізімнен қажетті қосымшаны тауып, функцияны өшіріңіз.
  1. «Баптаулар» > «Қосымшалар» мәзірін ашыңыз.
  2. Тізімнен қажетті қосымшаны таңдаңыз.
  3. «Батарея» тармағын таңдаңыз.
  4. «Фондық әрекетке рұқсат беру» қосыңыз.

Сізде Android 11 болса:

  1. «Баптаулар» > «Құрылғыға қызмет көрсету» мәзірін ашыңыз.
  2. «Батарея» > «Фондық режимдегі шектеулер» > «Ұйқы режиміндегі қосымшалары» тармағын таңдаңыз.
  3. Сізге қажет қосымша осы тізімде болса, үш нүктені, содан кейін «Қосымшаларды жою» тармағын басыңыз.
  4. Қажетті қосымшаны тізімнен жойыңыз.

 

Сізде Android 10 болса:

  1. «Баптаулар» > «Құрылғыға қызмет көрсету» мәзірін ашыңыз.
  2. «Батарея» > «Энергияны тұтынуды бақылау» > «Ұйқы режиміндегі қосымшалар» тармағын таңдаңыз.
  3. Сізге қажет қосымша осы тізімде болса, жоғарғы оң жақ бұрыштағы себет белгішесін басыңыз.
  4. Қажетті қосымшаны тізімнен жойыңыз.

 

Сізде бұрынғы Android нұсқасы болса:

  1. «Баптаулар» > «Құрылғыға қызмет көрсету» мәзірін ашыңыз.
  2. «Батарея» > үш нүкте > «Фондық режимдегі шектеулер» > «Ұйқы режиміндегі қосымшалар» тармағын таңдаңыз.
  3. Сізге қажет қосымша осы тізімде болса, жоғарғы оң жақ бұрыштағы себет белгішесін басыңыз.
  4. Қажетті қосымшаны тізімнен жойыңыз.

Басқа қосымшалардың жұмысына әсер ететін оңтайландыру қосымшалары орнатылған болса, оларды өшіріңіз.

Баптауларды арылту құрылғыңыздағы барлық деректерді жояды.

Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!