Екі факторлы аутентификация дегеніміз не?
Екі факторлы аутентификация аккаунтты қосымша қорғаумен қамтамасыз етеді. Құпиясөзді енгізуден басқа, поштаға немесе телефонға келетін бір реттік кодты енгізу немесе саусақ ізін сканерлеу қажет. Осылайша сіз тұлғаңызды растайсыз. Бұл опцияны іске қосқанда аккаунтыңызға кірмекші болған кісі құпиясөзбен қоса кодты енгізуі керек. Егер біреу сіздің аккаунтыңызға кіруге тырысса, сізге хабарлама келеді.