Тамақ & Үй

Ақылды үй қалай жұмыс істейді

Samsung SmartThings бақылауымен құрылғы сіздің өміріңізді сүріп бастайды.

Ақылды үй мен жасанды интеллект дәуірінде тұрмыстық техника өзінің әдеттегі функцияларын орындап қана қоймай, командада жұмыс істейді. Кейде сіздің үй құрылғыларыңыз сіздің қатысуыңызсыз өздігінен жұмыс істейді, осылайша сіз үй тірліктерімен жиі айналыспайсыз және сүйікті диваныңызда демалып, өмірден ләззат аласыз. Және ол қалай орын алады.

Орталықтанған басқару туралы

Ақылды үй –заманауи үй құрылғыларын және инновациялық технологиялармен және қызметтермен маңызды техниканы – өз жылы ұяңыздағы күнделікті өміріңізді қарапайым және жайлы жасай түсу секілді бір ғана маңызды мақсатта біріктіретін бүтін экожүйе.

Сіздің барлық техникаңыз бірыңғай байланыста жұмыс істейді, тетіктер және ақылды құрылғылар жүйенің «миына» -басқарушы хабқа қосылған. Дәл ол барлық девайстардан ақпаратты жинайды және оларға пәрмен береді. Хаб жеке құрылғы ретінде де, Android Және iOS смартфондарына арналған SmartThings сияқты қосымша ретінде де әрекет ете алады. SmartThings көмегімен бейнекамералардың көрсетілімін көруге, шамдарды өшіруге немесе үйде болмасаңыз да пәтерді жылытуға болады.

Сіз ақылды үй жүйесінің құрылғыларын энергияны үнемдеу мен қауіпсіздікті жақсартудан ойын – сауық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өнімділікті арттыруға дейінгі басымдықтарыңызға қарай реттей аласыз. Басқаша айтқанда, үй құрылғылары сіздің ережелеріңізге сәйкес жұмыс істейді.

Құрылғылар не істеу керек екендігін қалай «түсінеді»?

Ақылды үйдің «аузы», мұрны және «құлағы»- бұл барлық үйдегі жағдайды қадағалап отыратын құрылғыларға кіріктірілген әр қилы камералар, тетіктер. Кейбір сенсорлар газ бен судың ағып кетуін бақылайды, ал басқалары есіктердің ашылуы және бөлмелердегі күдікті қозғалыс туралы хабарлайды.

Ақылды үй жүйесіне бейімделген барлық заманауи тұрмыстық техникалары: кондиционерлер, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кір жуу машиналары және тұмшапештерде «Сезім мүшелері» бар, олар интернетке қосылады және бірыңғай экожүйенің бір бөлігі болады.

Ал сіздің өміріңіз бұдан тыныш, қауіпсіз және жайлырақ бола түседі.

Ақылды үй құрылғыларының қолынан не келеді

SmartThings басқаратын ақылды құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасына олар белгілі бір жағдайларға дұрыс әрекет жасау үшін күнделікті өмірдің сценарийлері жазылады. Атап айтқанда ол қалай орындалады және олар нақты не істейді?

Кешкі киносенасқа арналған жағдайды жасайды


Егер сіз жаңа блокбастер көремін деп шешсеңіз, сіздің ақылды үйіңіз қолайлы атмосфераны жасайды. Теледидар қосылады, акустикалық жүйенің дыбысы икемделеді, қонақ үйдегі жарық күңгірттенеді, ал кондиционер WindFree желсіз салқындату технологиясымен бөлмеде VIP-кинозалдағыдай тиімді температураны орнатады.
Сіз түскен қоңырауға жауап бердіңіз бе? Теледидар сол сәтте-ақ өзінің дыбысын біраз уақытқа бұғаттайды.



Жинайды және жуады


Сіздің робот-шаңсорғышыңыз Samsung Jet Bot үйді кесте бойынша бұлжытпай тазалайды, сіз жұмыста болғанда немесе көкке шыққан болсаңыз, тіпті шынайы уақытта кіріктірілген камера арқылы сіздің мысығыңыздың немен айналысып жатқандығын көрсетеді. Сіз сонымен бірге, үйден тысқары болғанда, кір жууды қоса аласыз. Кір жууу машинасы бағдарламаның аяқталғандығы туралы хабарлайды және сіз келгенге дейін кірді жуып сақтап отырады.



Ас үйде көмектеседі


Қажетті температураны таңдаңыз және үйге жол-жөнекей ЖЖС қызметімен Infinite Line тұмшапешінің жылытуын қосыңыз. Содан кейін бірден азық-түлікті камераға салыңыз. Сол екі арада Family Hub-пен ақылды тоңазытқышы сіздің сүйікті музыкаңызды қоса отырып немесе қонақ бөлмесінде Samsung Smart TV теледидарынан немесе сіздің Galaxy сматфоныңыздан өз дисплейінде контентті қайталай отыра сіз үшін жағымды вайб жасайды. Ал View Inside қызметі сізге тоңазытқышыңызға өз смартфоныңыз арқылы қандай азық-түлік сатып алу керек екендігін білу үшін қашықтан «көз салуға» мүмкіндік береді.



Егер бірнәрсе дұрыс болмаса, хабарлайды


Сіз өз шаруаларыңызды жасап жатқанда, SmartThings сіздің ақылды үйіңіздегі жағдайды қадағалайды және күтпеген жағдай туралы сізді әрдайым хабарландырады. Мысалы – егер тоңазытқышта аяқ асты температура көтерілгенде немесе балалар бөлмесінде ауа ластанғанда және тазалағышты қосу керек болғанда. Хабарламаларды смартфонға ғана емес, және де автокөлік дисплейіне қабылдауға болады, ол үшін смартфонды жәй ғана Android Auto қосымшасына қосыңыз.



Кілттерді (және оларды ғана емес) табуға көмектеседі


SmartTag белгісін маңызды заттарға, мысалы кілтке, әмиянға немесе мысықтың қарғыбауына бекітіп қойыңыз -және оларды үнемі тауып аласыз. SmartThings мобильдік қосымшасындағы арнайы батырмасына жәй ғана қол тигізіңіз, және де сіз «жоғалтқаныңыздың» орналасқан орнын анықтайсыз.

Ақылды үйдің функционалының тек жалпы белгілері сипатталды.
Іс жүзінде SmartThings экожүйесінің мүмкіндіктері орасан зор және Samsung-тан Bespoke премиум тұрмыстық техникасының жаңа желілерінде пайда болатын озық AI-функциялары есебінен қарқынды кеңеюін жалғастыруда. Олар тіпті тісқаққан тұтынушыларды да таң қалдыра алады. Болашақ – енді осында!

Ақылды үй техникасы

Өмірді жеңілдетіңіз

Әрі қарай осы оқиғаларды оқыңыз